Қарқаралы ұлттық паркінде орман өртеніп жатыр

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамыздасағат 17:26-да өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданыЕгіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғипаркінің Бақты орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп жанып, өрт орманғатаралғаны туралы хабар түскен.

Өрт шыққан аумақта «Қазавиаорманқорғау» МИ-2тікұшағымен әуеден шолып шықты.

Бастапқы болжамбойынша, өрт 70 гектар орман алқабын шарпыған.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның (77 адам, 13техника), Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (25 қызметкер мен 6техника), Кувск орман қорғау және жануарлар әлемі шаруашылығы (4 қызметкер мен1 техника) мен еркін өрт сөндіру құрылымдарының (38 қызметкер мен 5 техника)күштері мен техникалары жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар