Қарқаралы ұлттық паркіндегі өрт толықтай сөндірілді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарқаралы ұлттық паркі аумағындағы Бақты орманында шыққан өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік ТЖДбаспасөз қызметінің мәліметінше, «орман үстінен әуеден бақылау кезінде ашық жалын байқалмады, жекелеген тұстарда шамалы бықсыған түтін байқалады, осы тұстарғақайталап су шашуға Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері жұмылдырылды(50 қызметкер мен 9 техника). Сонымен қатар осы жұмыстарға ТЖК «Қазәуеқұтқару»АҚ-ның тікұшағы тартылған.

Өрт сөндіругежұмылдырылған қызметтер мен техникалар өз мекендеріне қайтып жатыр, алайда өрт толықтайөшірілді деп жарияланбады. Өйткені кей жерлерде әлі түтін шығып жатыр. Орманда авиациямен ұлттық парк қызметкерлері кезекшілік жасауда.

Еске салайық, 12 тамызда сағат 17:26-да өрт сөндіру қызметіне Қарағандыоблысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта, Қарқаралымемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орман шаруашылығының аумағында құрғақшөп жанып, өрт орманға таралғаны туралы хабар түскен.

Кейін берілген мәліметте Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бақтыорман шаруашылығындағы шыққан өрттің жалпы ауданы 2 500 гектарға жеткеніайтылды.

Ал 16 тамызды Қарағанды облыстықТөтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаев Қарқаралыауданының Бақты ұлттық паркінде өрттің ауыздықталғанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар