Қарқаралы жәрмеңкесінде пайдаланылған сейфтер әлі күнге дейін сақталған
Оның үшеуі қалалық мұражайда сақталған. Ал біреуін жергілікті қазынашылық пайдалануда. «Қоянды жәрмеңкесінде Ақ патшаның жарлығымен Қарқаралыда қазынашылық ғимараты салынған. Сейфтер сонда тұрды. Сол заманда осында өте ірі қаражат сақталған. 1858 жылы 5 миллион шамасында сом сақталған. Арада 1,5 ғасыр өтті, алайда сейфтер әлі күнге дейін жарамды. Оның бірінде құжаттар сақтаймыз», - дейді Қарқаралы аудандық қазынашылық бөлімінің басшысы Мұрат Тойынбеков.
Сейф қабырғамен бірге қаланғандықтан орнында қалдыру жөнінде шешім қабылданған. Ал қалған үш көне жәдігер Қарқаралы мұражайына тапсырылған. Оның бірі Мәскеуде, қалған екеу Петербордағы Карла Сан-Галли зауытында жасалған. Мамандардың айтуынша, әрі сейфтің жеке құпия қауіпсіздік жүйесі бар. Мұражай қызметкерлері көне мүліктерді интерактивті жәдігерге айналдырған. Онда келушілерге сейфті өз бетімен ашуға рұқсат етілген, алайда оны ашу үшін амалын тауып алу керек.