Қарқаралыда тағы екі дала өрті тұтанды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында 2 рет дала өрті шықты. Құтқарушылар олардың бірін ауыздықтап үлгерді. ТЖД қызметкерлері екінші өртпен әлі де күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргіуақытта Қарқаралы ауданында далаөртінің 2 жағдайы тіркеліп отыр. Ынталыауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта 49 гектар аумақта құрғақшөп жанған. Өрт 14 тамыз күні 21:30-да ауыздықталды. Оны сөндіруге облыстықТЖД-ның 10 қызметкері мен 2 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 12қызметкер мен 3 техника тартылды.

Екінші өртЕдрей ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым қашықтықта шыққан. Жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр. Оны сөндіругеерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 17 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ,Шет (2 өрт), Ақтоғай және Нұра аудандарында дала өрті тұтанып жатыр.

Өткентәулікте Шет, Абай, Бұқар Жырау және Осакаровка аудандарында 11 дала өртіауыздықталды. Оның аумағы 5-48 гектар аралығын қамтиды.

Ескесалайық, кеше Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ТЖ режімі жарияланғанҚарқаралы ауданына барды.

Соңғы жаңалықтар