Қарқаралыдағы өрт 1,5 мың гектар орманды шарпыды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бақты орман шаруашылығындағы шыққан өрттің жалпы ауданы 2 500 гектарға жетті. Соның ішінде мемлекеттік орман қорының аумағы 1 500 гектарды құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің баспасөзқызметінің мәліметінше, оқиға орнына 120 адам (Қарқаралы МҰТП-дан 39 адам,Қарағанды облыстық ТЖД-дан 61 адам, Қарағанды облыстық табиғи ресурстар жәнетабиғат пайдалануды реттеу басқармасынан 10 адам және т.б.), 16 өрт сөндірумашинасы, 3 трактор және 2 тікұшақ, су шашатын құрылғысы бар І сыныпты біртікұшақ (МИ-8), МИ-2 екінші тікұшағы өрт сөндіру қызметін әуеден бақылауғатартылды.

Қарқаралы ауданыныңәкімдігі төтенше жағдай режімін жариялады.

Өрт сөндіру қызметіөрттің таралуының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 12тамызда сағат 17:26-да өрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданыЕгіндібұлақ кентінен 30 шақырым қашықтықта, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғипаркінің Бақты орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп жанып, өрт орманғатаралғаны туралы хабар түскен.


Соңғы жаңалықтар