Қарқаралыдағы өрттің беті қайтайын деді

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бақты орман шаруашылығындағы өртті сөндіруге Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы тілсіз жаумен 329 адам күресіп жатыр, 60техника бар. Олардың арасында ТЖД күштері, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлікқолбасшылығының 52859 әскери бөлімшесі, Қарқаралы, Баянауыл, «Бұйратау»мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, ҚР ормандар мен жануарлар дүниесінқорғау шаруашылығының, «Қазавиақұтқару» АҚ, «Қазавиаорманқорғау» РМКК күштері,ерікті өрт сөндірушілер бар.

Төтенше жағдай аумағында жедел штаб құрылған.

Өртті сөндіруге жерден де, әуеден де күшсалынып жатыр.

Жалын шарпыған аумақтың жиынтық ауданы шамамен2870 гектер, соның 1320 гектары – орман.

Қазір өрттің басқа аумақтарға тарауытоқтатылды.

Еске сала кетейік, 12 тамызда сағат 17:26-даөрт сөндіру қызметіне Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінен 30шақырым қашықтықта, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Бақты орманшаруашылығының аумағында құрғақ шөп жанып, өрт орманға таралғаны туралы хабартүскен.

Кеше Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚошановТЖ режімі жарияланған Қарқаралы ауданына барды.

Соңғы жаңалықтар