Қарқаралының ұлттық паркіндегі өрт сөндірілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ибрагим Күлшімбаев Қарқаралы ауданының Бақты ұлттық паркінде өрттің сөндірілгенін мәлім етті.

Өртсөндірушілер ары қарай бықсыған орындарды толық өшіру жұмыстарын жүргізіпжатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақтыдағытабиғи өртті сөндіру жұмысы төртінші күнге созылды. Жұмыс тәулік бойыжүргізілуде. Төтенше жағдайды жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылған.Өрт сөндіру жұмысына басшылық етуді Қарағанды облысы ТЖД бастығы ИбрагимКүлшімбаевтың өзі қолға алып отыр.

Жалпы,төтенше жағдайды ретке келтіру жұмысына 370 адам мен 60 арнайы техникажұмылдырылған. Су шашатын үш тікұшақ тілсіз жауды ауыздықтауды әуедежалғастыруда.

Қарқаралымемлекеттік ұлттық табиғи паркінің нақтылаған мәліметтері бойынша, өрттің жалпыауданы 3700 га аумақты құрайды. Оның ішінде орман аумағы – 1900 га.

Өрттісөндіру жұмысы таулы жерде қиындық туғызып жатыр. Қабылданған шаралар өрттіңқарқынды түрде таралуын тежеген.

Бірақосы қиындықтарға қарамастан, ұлттық парктегі өрт сөндірілген.

«Бүгін,2019 жылдың 16 тамызында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында болғанөрт ауыздықталды. Бұған төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушыоргандардың, сондай-ақ Қарқаралы мемлекеттік ұлттық паркінің күші менқұралдарының, «Бұйратау», «Баянауыл», «Орман және жануарлар дүниесін қорғаужөніндегі Кувск шаруашылығы», сондай-ақ «Қазавиақұтқару» бөлімшелеріқызметкерлерінен құрылған күштер мен құралдар тобының арқасында қол жеткізіліпотыр. Әуеге тікұшақтар да көтерілді. Жалпы біріккен күш-жігердің арқасында осынәтижеге жеттік. Аздаған бықсыған орындар қалып отыр. Оларды сөндіргеннен кейінөрттің толық сөндірілгенін жариялаймыз», - деді Ибрагим Күлшімбаев.

ТЖДқызметкерлері өртті толық сөндіру бағытында жұмыс жүргізбек.

Өрттіңнақты қалай шыққаны әлі белгісіз. Оны арнайы комиссия анықтайды. Алайда ормашшаруашылығының өкілдері өрттің найзағайдан пайда болғанын болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар