«Еліміздегі өткізу пункттерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету — транзиттік әлеуетті дамыту жолындағы басты мәселелердің бірі. Жалпы мемлекеттік шекарада 52 өткізу пункті жұмыс істейді. Оның 45-інде қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жұмыстар көрші елдермен бірлескен жол картасының аясында жүргізілуде», - деді Сәтжан Аблалиев.
Оның атап өтуінше, өткізу пункттерінің қабілетін арттыру үшін көлік құралдарының қарқыны жоғары өткізу пункттерінің жұмысын тәулік бойына көшіру, бақылау және кедендік рәсімдерді ел аумағына ауыстыру, ал өткізу пункттерде минималды рәсімдер жүргізу, тасымалдаушылар құжаттарды бір рет тапсыру үшін көршілес елдердің бақылаушы органдарымен «бірыңғай деректер базасын» құру шаралары қолға алынбақ.
«Қабылданған шаралар өткізу пункттерінің қабілетін 4 есеге ұлғайтып, тексеру уақытын 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.