Қарқынды цифрландыру: ІТ өндіріске 118 млрд теңге салынған

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда былтыр ІТ саласына 118 млрд теңге бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Finprom.kz ресурсына сілтеме жасап.

«2018 жылдың 9 айын қорытындыласақ, компьютерлік бағдарламалау бойынша 122,4 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл - соңғы жылдардағы аса жоғары көрсеткіш. 2017 жылы көрсетілген қызмет құны 99,8 млрд теңге болатын», - деді ол.

Бұл көрсеткішке Алматы қаласының қосатын үлесі 46,3% болып отыр. Екінші орынға 47,8 млрд теңге көрсеткішпен Астана табан тіреді. Көшбасшылар үштігін 3,9 млрд теңге көрсеткішпен Қарағанды облысы түйіндеді.

Әлемдік ақпрараттық коммуникациялық технологиялар рейтингінде Қазақстан 2017 жылы 175 елдің ішінен 52-орынға жайғасқан болатын. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2022 жылға таман осы рейтингте 30-шы орынға көтерілу көзделіп отыр.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, былтыр ІТ саласын дамытуға 118,3 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, 28,4 млн АҚШ доллары көлемінде шетелдік инвестиция тартылған.

Соңғы жаңалықтар