Карл Фроч: Головкиннен обадан бетер жалтару қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық боксшы Карл Фроч орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен қауіптену керектігін айтты, деп хабарлады Sports.kz.

«Головкиннен обадан бетер жалтару қажет. Ол қатты ұрады. Онымен жекпе-жекке шыққым келмейді. Бұл қауіпті», - деген Фрочтың сөздерін НВО келтірді.