Францияның бірінші ханымы клиникадан қызын өзі қолына ұстап шықты. Ғимараттың қасында кезекпен күтіп тұрған бірнеше ондаған фотографтар сәбиді тарихи естелікке жазу мақсатында фотокамераларын жарқ-жұрқ еткізіп түсіруде.
Шағын қоңыр көрпешеге оралған сәбиін кеудесіне қысқан Бруни оққағарларының қошеметтеуімен машинаға отырды да кете барды.