Қарлы боран: ШҚО-да тағы бір жол жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақавтожол» компаниясы ШҚО-дағы филиалының мәліметіне сүйенсек, өңірде ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) 3 ақпанда сағат 21:50-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы» тасжолының 15-123 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Осы ретте, облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы« Омбы-Майқапшағай» тасжолының 733-587 шақырымы аралығы көліктің барлық түрі үшін жабылғаны хабарланған.