АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирустың бесінші толқыны наурыз айында шарықтау шегіне жетеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спикердің сөзінше, КВИ жұқтырғандардың үлес салмағы 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында 16,4% - ға және жасөспірімдер арасында 1,1% - ға күрт өсті, бұл «омикрон» штаммына тән.
«Мұның бәрі «омикрон» штамы халық арасында тез таралатынын және көп ұзамай «дельта» штамын алмастыратындығын көрсетеді. Біз келесі коронавирус толқынының шыңын осы жылдың наурыз айына болжап отырмыз,-деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.
Бұған дейін ол Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағанын айтқан болатын.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.