Кәрім Мәсімовтің елордадағы зәулім сарайы коммуналдық меншікке өте ме — әкімдік жауабы
АСТАНА. KAZINFORM — Астана әкімдігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, сотталған Кәрім Мәсімовтің елордадағы зәулім сарайын коммуналдық меншікке қабылдамайды.
— Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының жоғарыда аталған ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау жоспарында жоқ, — деген хабар алдық елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, жыл басында Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы 1,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылған еді.
Кейін Кәрім Мәсімовтің аукционға шығарылған сарайын ешкім сатып алмағаны белгілі болды.
Араға бір ай салып Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы қайта сатылымға қойылды.
Ал сәуірде Кәрім Мәсімовтің сарайы аукционнан шығарылды.
Еске салайық, 2023 жылы Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты.