Қармақшы ауданында 102 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекеттік қорғалуға енгізілген - Қызылорда облысы

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік - Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданының жеріндегі 102 тарихи-мәдени ескерткіш қазіргі таңда мемлекеттің қорғауына алынған.

Олардың 48-і - археологиялық, 44-і құрылыс және сәулет ескерткіштері болып табылады.

Аталған ескерткіштердің біреуі осыдан жеті жыл бұрын республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен күр­делі жөндеуден өткізілсе, 13-і қала құрылысы және сәулет ме­ке­месі есебінен әктеліп, сырланған. Сол кезде Марал ишан мазары ескерткіші республикалық бюджеттен бөлінген 5 млн. теңге қаржы есебінен күрделі жөн­деуден өткен. Ал Т.Ізтілеуов атындағы ауылда ақынның өзіне соғылған ескерткішке ұрпақтары жай жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 3-4 жыл беделінде Жосалы кентінде орналасқан теміржол вокзалы үйі ескерткішіне, Дерментөбе мен Қорқыт стансысында орналасқан Су қыспақты мұнара ескерткішіне теміржол торабы тарапынан жай жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Үстіміздегі жылы Жосалы кентінде орналасқан Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш, екі жыл бұрын Дәмегүл Мырзағалиеваға арналған белгі, былтыр Сүлеймен Есқараевтың бюсті, Асыл ана ескерткіші, Қорқыт ата мұражайы, Су қыспақты мұнара ескерткіші кент әкімі көмегімен жай жөндеуден өткізілген. Дегенмен, аталған ескерткіштердің 88-і осы уақытқа дейін мүлдем жөндеу көрмеген, қазіргі қалпын сақтап қалу мақсатында консервация (тұмшалау) жұмыстары жүргізіл­меген.

Аудан аумағындағы тарихи-мәдени мұра нысандарына қатысты құжаттарды тексеру барысында бірқатар заңнама талаптарының бұзылуына жол берілгендігі байқалды.