Бұл көрсеткіштердің бәрі былтырғы жылғы деңгейден жоғары. Сонымен қатар ауданда 108 бала мектепалды даярлық тобына тартылған. Осының өзі бұл тізімде тұрған балалардың 49,9 пайызы қамтылғанын көрсетеді.
09:13, 10 Қыркүйек 2010
Қармақшы ауданында биыл 9454 оқушы жаңа оқу жылының партасына отырды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында биылғы оқу жылында 9454 оқушы жаңа оқу жылының партасына отырды.Соның ішінде 859 бүлдіршін бірінші рет мектеп табалдырығынан аттап отыр.