Қармақшы ауданында қаруларды сатып алу мен ұстап жүру тәртібін бұзған 9 адам жауапқа тартылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Мейрамбек Қазығұловтың мәлімдеуінше,

үстіміздегі жылы аудандық ішкі істер бөлімі арқылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде азаматтық қаруларды сатып алу, сақтау, алып жүру, беру және сату тәртібін бұзғаны үшін 9 адам әкім­шілік жауапкершілікке тартылып, оларға әр түрлі мөлшерде айып­пұлдар салынған. Ауданда сондай-ақ атыс қаруын қолданып, заңсыз аң аулау, қылмыс жасау фактілері орын алғаны анықталды. Осыған орай жыл ішінде браконьерлік жолмен Қызыл кітапқа кірген аңдарды атушылықтың 4 оқиғасы тіркелді.