Осы аралықта 234 қармақшылық түрлі әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алып, 1291 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты. Соның арқасында жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрап, былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда едәуір төмендеді. Бүгінгі таңда №12 кәсіптік лицейде 6 мамандық бойынша қайта даярлау курстары жүргізілуде. Бұған дейін мұнда 375 адам жаңа мамандық алып, қайта даярлау курстарынан өтті. Аудандағы 103 мекемемен келісім-шарт жасалып, жаңа мамандық иелеріне жолдама берілді.
10:40, 28 Тамыз 2010
Қармақшы ауданында жыл басынан бері 489 маман қоғамдық жұмысқа тартылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жыл басынан бері 489 маман қоғамдық жұмысқа тартылып, «Жол картасы» бағдарламасы аясында жастар тәжірибесіне 357 жас жұмыспен қамтылды.