ҚАРМАҚШЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында табысы аз отбасылардың әлеуметтік құқығының шектелгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған табысы аз отбасыларының балаларына ай сайын әлеуметтік пакеттің берілуі көзделген.
«Әлеуметтік пакетке азық-түлік және тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы кіреді. Дегенмен ауданда табысы аз отбасы балаларына ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларының әлеуметтік пакеттері берілмей қалған. Прокуратураның ұсынуымен 1005 балаға әлеуметтік пакеттер толығымен табысталды», - деп мәлім етті Қармақшы ауданының прокуратурасы.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.