Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қармақшы аудандық әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.
Жыл аяғына дейін бұл қаржыға 22 көшеге 33 шақырым жол төселіп, 24 шақырым телефон желісі мен 44 шақырым электр желісі тартылмақ және қосымша станса салынады. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жер теліміне деген сұранысы 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады. Бұл жерде Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі, 1 мектеп, 2 балабақша, және спорт алаңдары бой көтереді.
Айта кетейік, Жосалы кентінде 2006 жылдан бері ешқандай жер телімі берілмеген болатын.