Қармақшыда жыраулар «Шаһнама» туындысын сахна төріне шығарды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қармақшы аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті жыраулар Тұрмағанбет Ізтілеуовтің «Шаһнама» туындысын сахна төріне шығарды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағдарлама барысында жырсүйер жұртшылық кітаптағы хикаяттарға қанығып, асқақ ақын рухына бас иді. Сыр сүлейлерінің алтын сынығы саналатын Бидас Рүстембеков шығармашылық сапармен Америка Құрама Штаттарына барғанында жат жұртта жүрген қандастарымызға түркі халықтарына ортақ «Көр­ғұлы» дастанын жырлағанын баяндап, жерлестеріне де жыр жауһарын төкті.