ҚарМТУ-де Болондық үдерісті дамыту жөніндегі департамент құрылып, факультеттер аясында институттар ашылады
14:15, 18 Қыркүйек 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерін реформалау жүріп жатыр,
Болон үдерісін дамыту жөніндегі департамент құрылып, факультеттер аясында институттар ашылмақ.
Бұл туралы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлім болды.
«Жаңа 2010-211 оқу жылдарында университет алдында әлемнің алдыңғы қатарлы университеттер құрамына ену, жаңа мамандарды халықаралық аккредитациядан өткізу мен мемлекеттік аттестациядан өту сияқты стратегиялық міндеттер тұр», - деп атап өтті ҚарМТУ ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Арыстан Ғазалиев.