Қарсыласы медициналық тексеруден өте алмаған қазақстандық боксшының жекпе-жегі болмай қалды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Орташа жартылай салмақтағы қазақстандық былғары қолғап шебері Бахтияр Эюбовтың (11-0, 10 КО) аргентиналық Элвином Переспен (28-16-4, 19 КО) өтуі тиіс кездесуі болмайтын болды, деп хабарлайды Sports.kz Boxingscene.com. сайтына сілтеме жасап.

Боксшылар Дирборндағы (Мичиган штаты) Ford Community Center аренасында алты раундты жекпе-жек аясында ринге шығулары керек еді. Алайда ол Пересте медициналық сынақтан өту кезінде қиындықтардың пайда болуына байланысты кездесу болмай қалды.

Бұл туралы Boxingscene.com сайтына берген сұхбаты барысында Эюбовтың промоутері Дмитрий Салита айтты.