Жерлесіміз 1 наурыз күні Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында айқасады. Сегіз раундтан тұратын кездесуде оған кім қарсылас болатыны әзірге белгісіз.
Мұса Тұрсынғалиев бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін де былтыр 28 қыркүйекте осы аренада өткізген. Сол жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен колумбиялық Дейви Хулио Бассаны (20-6, 12 КО) жеңген болатын.
Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Тұрсынғалиев жуық арада WBA International титулына таласуды жоспарлап жүргенін мәлімдеген еді.
Фото: sportx.kz