Қарт әйел Грузияда Ғаламторды істен шығарды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат - Грузияда елдің айтарлықтай аумағында Ғаламторды істен шығарды деп қарт әйелді айыптап отыр.

Бұл туралы Russia Today телеарнасының ақпаратына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлады.

Журналистердің мәліметінше, 75 жастағы грузиялық кейуана өзінің бақшасында жер қазып жатып, күрекпен жер астындағы кабелді зақымдаған. Соның салдарынан Грузиядағы халықтың көбі Ғаламтор желісіне шыға алмай қалған. Ал әйел болса, оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін айтуда.