«Бүгін жауынгерлік парадқа қатысып, әскерлердің дайындығын тамашаладық. Менің байқауымша, қазіргі кезде біздің қазақ әскерлері өте жақсы қаруланған. Барлық жауынгерлік техникамен қамтамасыз етілген екен. Біз ардагерлер ретінде бүгінгі шерудегі көрініспен қатты қуанып отырмыз, өйткені жоғары даярлықтан өткен осы сарбаздардың барлығы еліміздің қорғаныс шебінде тұр. Еліміз дами берсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деді қарт ардагер Мыңайдар Боранбайұлы
«Біз бұл Ұлы Отан соғысынан аман оралдық. Бұл қасіретті соғысты адам баласының басына бермесін. Мен өзім Қостанай облысынан едім. Аттанған 500 жігіттің ішінен төрт айда 38-іміз ғана аман қалдық. Олардың барлығы еліміз үшін, болашағымыз үшін кеудесін оққа тосты. Алда жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы келе жатыр. Осы орайда жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге айрықша мән беру керек деп ойлаймын», - дейді қарт майдангер.