Картада жаңа құрлық пайда болуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тынық мұхитта ғылымға беймәлім жаңа құрлық бар. Веллингтон ғалымдары осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасын.

Ғалымдардың айтуынша, оның көп бөлігі су астында жатыр. Ал көрінетін бөлігі Жаңа Каледония мен Жаңа Зеландияға тиесілі.

Мамандардың пайымдауынша, ол шамамен 80 миллион жыл бұрын ежелгі Гондванадан бөлініп кеткен болуы мүмкін.

Ғалымдар жаңа құрлыққа «Зеландия» деген атау берген. Ауданы - 5 миллион шаршы шақырым. Енді ғалымдар қауымдастығы бұл болжаммен келіссе, картада жаңа құрлықтың пайда болуы ғажап емес.