Картоп отырғызып жүрген Якутия тұрғыны мамонттың азуын тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Якутия тұрғыны өзінің саяжайы учаскесінде мамонттың азуын тауып алды. Ол картоп отырғызып жүрген кезінде ерекше олжаның үстінен шыққан.

 Алдында  жерге қатып қалған затты ағаш деп ойлаған көрінеді. Дегенмен қалдықты мұқият қарай келе, шұғыл жергілікті ғалымдарды шақырады.

Атыздардың астынан осыдан 400 мың жыл бұрын тіршілік еткен  далалық мамонттың азулары табылды.  Бұл жануарлар  кеңінен танымал жүнді мамонттардың арғы тегі  болған.

Таяу уақытта қазба орнына Якутскіден арнайы мамандар келуі тиіс, деп хабарлайды «Россия 24» телеарнасы.