Қарттар мен мүгедектер күні мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырылды

АЛМАТЫ. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Асылбек Қасымхан/ - Бүгін Алматыда Әуезов ауданы аппаратының ұйымдастыруымен Қарттар мен мүгедектер күні мерекесіне орай мерекелік шара өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекелік шараға Әуезов ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ардагерлер Кеңесінің Президиумы, ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен аудандық "Нұр Отан" ХДП филиалының өкілдері қатысты.

Аталмыш  шарада Әуезов ауданы әкімі Бекқали Торғаев сөз сөйлеп, ардагерлерді мерекемен құттықтады. Әуэзов ауданында 36 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның 605-і Ұлы Отан соғысының ардагері, 5 275-і тылда қызмет еткендер, 5 389-ы қарт адамдар, 15-і  100 жастан асқандар. Олардың ішінде жалғыз, әлсіз және аз қамтылған отбасыларындағы зейнеткерлер де бар. Осы санаттағы зейнеткерлерге ауданда 350 орындық мемлекет арқылы қаражаттандырылатын ардагерлер үйі жұмыс істеуде. Аудандық әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері арқылы 524 зейнеткер мен мүгедекке үйде көмек көрсетіледі.

Шақырылған қонақтарға  "Лада" ардагерлер шығармашылық ұжымы ән салып,  әсем ән мен тәтті күйге бөледі.