Рейтингті шығару барысында баспана құны, жылжымайтын мүліктердің бағасы, климат пен медициналық қызмет көрсетудің сапасы ескерілді. Белгілі болғандай, бұл жолы да көш басында Эквадор тұрды. Эквадорда азық-түлік, киім-кешек, көлік бағалары АҚШ-қа қарағанда анағұрлым арзан. Бұл жерде пәтер жалдау құнын қосқанда айына 1,5 мың долларға өмір сүруге болады екен. Дәрігерге қаралу 10 доллар, ал мейрамханада тамақтану 2,5 доллар шамасында. Эквадордағы 65-тен асқан қарт адамдарға әуе, қоғамдық көліктерге жеңілдіктер жасалған.
Журналдың тізіміне барлығы 25 мемлекет енді. Екінші орында Панама, үшінші орында Мексика тұр. Сондай-ақ Малайзия, Коста-Рика, Мальта, Испания, Колумбия, Португалия мен Таиланд үздік ондықтар қатарында, деп жазады шетелдік БАҚ.