Қарттар үйі өртеніп, 11 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбіге қараған түні Жапонияда Саппоро қаласындағы қарттар үйі өртеніп, 11 адам мерт болды, деп хабарлайды euronews.

Өрт сөндірушілер шұғыл жеткенімен қайғылы оқиғаның алдын ала алмады. Мұнда 19 адам тіршілік кешіп жатқан. Олардың бесеуі ғана  құтқарылды.

Қазір өрт орнында мамандар жұмыс істеуде. Әзірге жалынның неден  тұтанғаны белгісіз болып отыр.