Қарттар үйі өртеніп, жеті адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тунхуа (Хуэйнань уезі, Гирин провинциясы) қалашығындағы жеке қарттар үйінде болған өрт жеті адамның өмірін жалмады.

 Бұл туралы China Daily хабарлады.

Өрт жергілікті уақытпен таңғы 04:10-да басталған, бұл кезде ғимарат ішінде 39 адам болған. Жалын 20 минуттан кейін сөндірілді, себептері әзірге белгісіз. Оқиға фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.