Оның хабарлауынша, жеке қару иелерінен 4529 бірлік тіркелген азаматтық қару алынып, оның 725-і заңсыз сақталғандығы анықталды. Тәркіленген заңсыз қару-жарақтың ішінде 43 бірлік иір ойықты, 31 винтовка, 3 шолақ ұңғылы қару, 5 бірлік газды қару, 35 бірлік қолдан жасалған қару, 529 бірлік тегіс ұңғылы атыс қаруы, оның 125-і шолақ ұңғылы, 58 газды, 45 жарақат салатын қару, 15 бірлік электрошокер құрылғылары, ойық қарудың 826 дана патроны және 5 граната бар. «Бұл ретте қару айналымы саласында 5000 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталып, 4415 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 505 материал сотқа жіберілді», - дейді И.Лепеха.
13:47, 13 Қазан 2010
«Қару - 2010» іс-шарасының екінші кезеңі аяқталды
АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Республикамыз бойынша қазанның 5-і мен 9-ы аралығында өткізілген «Қару - 2010» жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі бойынша 725 бірлік заңсыз қару-жарақ құралдары тәркіленді. Бұл туралы бүгін елордадағы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті.