деп хабарлады Астана қалалық ІІД тіл саясаты және ақпарат бөлімінен.
Хабарламада полиция қызметкерлері 3 күннің ішінде 104 рейдік іс-шаралар өткізіп, оған 1000-ға тарта құқық қорғаушылар қатысқандығы айтылған.
«Іс-шара барысында заңсыз сақталған 22 қару тәркіленді. Олардың қатарында оқ-дәрімен атылатын және жарақат салатын қарулар, шолақ мылтықтар, оқпен атылатын қаруға айналдырылған газ пистолеттері, электрошокерлер, сондай-ақ шолақ мылтықтардың заңсыз сақталған оқ-дәрілері тәркіленді», делінген баспасөз баянында.
Сәуірдің 12-сі мен 16-сы аралығында өткізіліп жатқан «Қару-2010» республикалық іс-шараның негізгі мақсаты - отты қаруды, жарылғыш заттарды және құрылғыларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу және ашу.
Осы шара барысында елордалық полицейлер азаматтар арасында өз еріктерімен қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және құрылғыларды тапсыруға үгіттейтін ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.