СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспановтың айтуынша, қаруды көбінесе пәтерге түскен ұрылар озбырлық құралы ретінде қолданады, кей жағдайларда ауыр қылмыстарға да пайдаланады.
Басқарма бастығы, сондай-ақ тегіс ұңғылы, жарақат салатын, электр және газбен істейтін қаруды заңсыз сақтау 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе қылмыстық жауапқа тартуға себеп болатынын еске салды.
Осындай акциялардың арқасында облыстағы қару-жарақ мөлшері біршама азайған. Былтыр солтүстікқазақстандықтар акция аясында 214 дана қару және 1,5 оқ-дәрі тапсырып, оларға жалпы 10 миллион теңге сыйақы берілген. Биыл тағы да 8 миллион теңге бөлініп отыр.
«Қолындағы қаруын өз еркімен әкеп тапсыру ниеті бар тұрғындар ішкі істер органдарына келіп өтініш жазуы және қаруды сараптамаға жіберуі тиіс. Мамандар қарудың жағдайын тексеріп, сыйақы белгіленген үш санаттың қай біріне жататынын анықтайды», - дейді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.
Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымда жүрген тегіс ұңғылы 15 қару тәркіленіп, олардың иелері заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Акция 10 сәуірде басталады.
17:26, 02 Сәуір 2018
Қару тапсырған СҚО тұрғындарына 8 млн теңге төленеді
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында өтеусіз қару-жарақ тапсыру акциясына 8 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.