Алматы облысында қарудан атып, 40 млн теңгесі бар сейфті әкеткендер ұсталды

Алматы облысында үйге ұрлыққа түскендер 40 млн теңге және бағалы заттар салынған сейфті көтеріп әкеткен. Кazinform бұл туралы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

8 қазанда Жамбыл ауданының полиция бөліміне белгісіз 3 адам Қасымбек ауылындағы үйлердің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны туралы ақпарат түскен. Олар үй иелерін қарумен қорқытып, оқ атқан. Кейін 40 млм теңге ақша, алтын әшекейлер мен өзге де бағалы заттары бар сейфті ұрлап әкеткен. 

Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша жедел тергеу тобы құрылып, олар қысқа мерзімде үш күдіктіні ұстады.

«Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы «Қарақшылық» бойынша тіркелді. Қазір тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатындағы барлық қажетті шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Істі тергеу барысы облыстық полиция бастығының жеке бақылауына алынды.