Қарулы Күштер туралы жаңа бейнебаян көпшілікке жол тартты

Фото: Сәкен Нарбатыров

АСТАНА. KAZINFORM — «Бүгін LIVE» студиясында жаңа туындының тұсауы кесілді. Тікелей эфирде қалың көрерменге жол тартқан «Сауыт» музыкалық бейнебаяны Jibek Joly телеарнасының тапсырысымен түсірілген.

Ел рухын көтеретін әуезді әнді Ибрагим Ескендір орындайды.

Фото: Сәкен Нарбатыров

ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жасалған жоба еліміздің Қарулы Күштерінің элиталық бөлімі — Арнайы операциялар күштеріне арналады.

Фото: Сәкен Нарбатыров

— «Сауыт» бейнебаяны — ерлік пен бірлікке арналған гимн. Каспий теңізіндегі операциялар, таулы аймақтағы күрделі тапсырмалар, штурм әрекеттері мен тікұшақтан түсірілген әсерлі кадрлар. Мұның бәрі — Отан қорғау ісіндегі үйлесімділікті көрсетеді, — дейді телеарна қызметкерлері.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада өтетін Жеңіс парадында көрермендерді не күтіп тұрғанын жазған едік.