Қарулы күштер сержанты ерлік көрсетті

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Семей қаласында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35804 әскери бөлімінің взвод командирі 2-ші санатты сержант Ержан Садықов екі адамның өмірін құтқарып қалды.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

Семей қаласы ТЖБ-ның хабарлауынша, Семейдегі Береговая көшесі 72-үйдегі су өткізу камерасында жергілікті тұрғындар слесарьлық жұмыстарын жүргізіп жатып, оның біреуі құдыққа түсіп кеткен.

Өзінің батыл әрекетімен №35804 әскери бөлімінде взвод командирі болып қызмет істейтін Ержан Садықов зардап шеккен азаматты өлім аузынан алып шыққан.