«Іріктеу кезеңінде өңірлік қолбасшылықтың намысын қорғау үшін Ақтау, Атырау және Ақтөбе гарнизондарынан 12 әскери қызметшіден 4 команда тартысқа түседі. Команда құрамына топ командирі, сапер, мерген, санитар, оқшашаршы, атқыш, гранатаатқыш, байланысшы, сондай-ақ резервтегі 2 әскери қызметші кіреді. Сайыс барысында барлаушыларға 5 шақырымдық жүгіру орындауға, «Барлаушының соқпақ жолы» кедергілер кешенінен өтуге, ЖӘЖМ жүргізу машықтарын паш етуге және әртүрлі кіріспе міндеттерді пысықтауға, оның ішінде, шартты қарсыласқа торуыл ұйымдастыруға тура келеді», - деп атап өтті министрліктен.
Айта кетейік, барлық кедергілерді әскери қызметшілер толық киім-кешекте еңсерулері тиіс. Оның салмағы - шамамен 25 кг. Бұл қару-жарақ, мина-жарылғыш және инженерлік құралдар, киім және медициналық мүлік, сондай-ақ бір тәуліктік құрғақ азық. Биыл «Әскери барлау үздіктері» халықаралық байқауы Үндістанның Джайсалмер қаласында өтеді.