Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - бас штаб бастығы полковник Марат Уашпаев: «Әскери қызметін өтеу кезінде сарбаздарда шын мәніндегі жауынгерлік сапа қалыптасады. Біздің жауынгерлеріміз спортпен шыныққан және төзімді. Сендер әскерде жүріп, жақсы жауынгерлік тәжірибе алдыңдар, әр түрлі көлемдегі тактикалық оқу-жаттығуарға қатыса жүріп, қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты меңгердіңдер», - деп атап өтті.
Командирлер жауынгерлерге үлгілі қызметтері үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қызметтері жас жігіттер үшін ерлік пен патриотизм мектебі болғанын айтты.
Әскер қатарынан запасқа шығарылған әскери қызметшілер кез келген сәтте Отанды қорғауға дайын шын мәніндегі Отан қорғаушылары болып табылады.