Шара олардың мүмкіндіктерін анықтауға, материалдық-техникалық құралдардың қорын тексеруге, сондай-ақ жұмылдыру және техниканы жеткізу қабілеттерін анықтауға бағытталып отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.
«ҚР Қарулы Күштері Бас штабы жүргізген күтпеген жерден қауырт тексеру жұмыстары барысында материалдық-техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімшелері өздері тұрақты түрде орналасқан пункттен 150 шақырымға дейін жүріп өтті. Әскерлер үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және дала жағдайында жұмыстарды ұйымдастыру үшін жоспарланған аудандарға орналастырылды. Аталған іс-шара әскерлерді топтық өрістету және жауынгерлік даярлық жоспарын қолдану жағдайында материалдық-техникалық құралдардың жай-күйін, әзірлігін және қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізіледі», - делінген баспасөз баянында.