Әлеуметтік желілерде бір-бірімен жылап қоштасып жатқан студенттердің видеосы таралды.
«Тәліптердің әрекеті әйелдерді толықтай басып-жаншуға бағытталған. Олар әйелдердің елдің дамуына атсалысып, ерлермен бірге жұмыс істегенін қаламайды. Олар тек әйелдердің үйде отырып, бала тапқанын дұрыс көреді», - дейді Кабул университетінің студенті Сетера Фарахманд.
Бірнеше профессор наразылық ретінде жұмысынан кетті, ал көптеген ер студенттер оқудан шықты.
Сонымен қатар, сәрсенбіде тәліптер әйел мұғалімдер мен бастауыш сыныпта оқитын қыздарды мектепке кіргізбеуді бұйырғаны туралы да ақпарат тарады.
Сарапшылар тәліптердің шешімі оларды халықаралық деңгейде мойындалу мүмкіндігінен айыратынын атап өтті.
Бұған дейін БҰҰ сарапшылары тәліптердің Ауғанстандағы әйелдер құқығына көзқарасы адамзатқа қарсы қылмыс болуы мүмкін екенін айтқан.
Еске сала кетейік, тәліптер ауған әйелдеріне университетте оқуға тыйым салған еді.
Фото: Wakil KOHSAR / AFP