Оларға шетелдік компанияның 1 млрд теңге дебиторлық қарызын заңсыз есептен шығарды деген айып тағылды.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл fгенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті «КТЖ ұлттық компаниясы» АҚ еншілес компаниясы - «KTZ Express» АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар шетелдік компанияның 1 млрд теңге көлеміндегі дебиторлық қарызын заңсыз есептен шығару арқылы өкiлеттiктердi терiс пайдаланған. Бұл заңмен қорғалатын мемлекет мүддесіне елеулі залал келтірді», - деді Арман Бердалин елордада өткен брифингте.
Оның айтуынша, Ұлттық бюро департаментінің араласуынан кейін аталған сома қалпына келтірілген және «KTZ Express» АҚ (100% мемлекет үлесі) шотына дебиторлық қарыз ретінде аударылған.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.