Ведомствоның мәліметінше, 8 тамыз күні Көкшетау қалалық полициябөліміне өзге адамның көлігін тартып алғаны туралы жергілікті тұрғыннан арызтүскен.
Полиция анықтағандай, 29 жастағы күдікті осыған дейін де ҚР ҚК-нің 188-бабы1-бөлігі бойынша істі болған. Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр елді мекенінеапарар жолдың бойында орналасқан саяжайда күдікті зардап шегушінің «Ваз-2115»автокөлігін иемденіп алған.
Күдікті көлікті қарызының орнына алғанын айтып, ақталмақ болды. Тәртіпсақшылары машинаны заңды иесіне қайтарды.
«Қазіргі кезде, осы оқиға байланысты ҚР ҚК-нің 389-бабы 1-бөлігібойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқадейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.