Түркістандық тұрғын кәріз суы құйылған көлігіндегі нәжісті көшеге төккен. Жүргізушінің бұл әрекетін алыстан байқаған тұрғындар көлік иесін қуалап жүріп тоқтатты. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видео біраз адамның ашуын тудырды.
Ал, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша жүргізуші жауапқа тартылғанын хабарлады.
«Бейнежазба бірден полицейлердің назарына алынып, анықтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды» делінген ведомоства ұсынған ақпаратта.