Бұл туралы ел Президенті Хамид Карзайдың дүйсенбі күні Кабулде таратқан мәлімдемесінде айтылып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Ауған барлауына сілтеме жасалған бұл мәлімдемеде, зымыранның бірі Гильменд уәлаятындағы Реги узда Сангин деревнясына түскені атап көрсетіледі. Ал НАТО-ның ресми өкілі болса, аталмыш ауданнан түскен мәліметтер бейбіт халықтың арасында шығынның бар екенін немесе зымыранның өз бағытынан ауытқығанын растамайтынын айтып, ақталуда. НАТО өкілінің айтуынша, жұма күні аталған ауданнан 7-8 шақырымдай жерде НАТО әскерлері мен содырлардың арасында қақтығыс орын алған.