Қаржы министрлігі еурооблигациялар шығару рәсімі басталғанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Қаржы министрлігі халықаралық капитал нарықтарында еурооблигациялар шығару рәсімінің басталғаны туралы хабарлады.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Бірінші кезең аясында жаһандық инвесторлармен роуд-шоу өткізіледі, оның мақсаты елдің экономикалық әлеуеті мен негізгі қаржылық көрсеткіштерін көрсету болады.

Екінші кезеңде орналастырудың оңтайлы шарттарын айқындауға және Қаржы министрлігі үшін тартымды шығару параметрлерін белгілеуге мүмкіндік беретін қағаздарды прайсингтеу жоспарлануда. Бұл шығарылым әлемдік қаржы нарықтарындағы Қазақстанның ұстанымын нығайту және тұрақты мемлекеттік даму бағдарламаларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған», — деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Отбасы банк шілдеде алғашқы облигацияларын шығарғанын жазғанбыз