Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 96 қаулысын қабылдады.
Есірткі құралдарының және цифрлық активтердің заңсыз айналымы саласында банк қызметтерін пайдалану тәуекелдерін барынша азайту мақсатында Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарға және Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларына мынадай түзетулер енгізілді:
- қаржылық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды анықтауды автоматтандыру бойынша банктерге:
1) есірткіні заңсыз өндіру, айналымы және (немесе) транзитімен;
2) тізбесін уәкілетті орган қалыптастыратын «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайтын цифрлық активтер биржаларының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырумен;
3) электрондық казино мен интернет-казиноның пайдасына төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты қойылатын талаптар белгіленді.
- Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін төлем карточкаларының қолданыс мерзімі бойынша – 12 ай шектеулер белгіленді.
- бір клиентке төлем карталарының саны қысқартылды.
Қаулының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсынан және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтынан танысуға болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін қаржы ұйымдарының активтері 65 трлн теңгеге ұлғайғанын жазған едік.