Қаржы ұйымдарының активтері 65 трлн теңгеге ұлғайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қаржы ұйымдарының активтері 5 жылда 65 трлн теңгеге ұлғайды. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті.

«Қаржы ұйымдарының жиынтық активтері 5 жылда 65 трлн теңгеге дейін ұлғайып, ІЖӨ-нің 52%-ына жетті. Өсу қаржы нарығының барлық секторында байқалады. Банк секторы тұрақты және жақсы капиталдандырылған. Банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі белгіленген нормативтерден 3 есе артық»,- деді ол.
Сақтандыру ұйымдарының активтері де 2 еседен аса 2,8 трлн теңгеге дейін жетті.
«Акциялар нарығын капиталдандыру 5 жылда 83%-ға 32 трлн теңгеге дейін өсті (осы кезеңде KASE-ге 150 жаңа эмитент шықты). Барлық кредиттеу субъектілері реттеу аясына енгізілгелі микроқаржы секторының активтері 2019 жылдан бастап 8 есеге жуық өсіп, 2,8 трлн теңгеге жетті, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Осыған дейін алаяқтар банктерден 18 млрд теңгеге несие рәсімдегені туралы жазған едік.