Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
13:08, 18 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Дәурен Сәлімбаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Ниязбекұлы Сәлімбаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Қостанай облысының Қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы келгенін жазған едік.